​Атырауда Геолог емханасының бас дәрігері қаржыны талан-таражға салғаны үшін тергеліп жатыр.
Атырауда емханалардың бірінің бас дәрігері 51 миллион теңге жымқырған
Ақ жайық
2,239
оқылды

Қалалық прокуратураның тексеріс жұмыстары барысында Геолог ықшамаудандағы емхананың бас дәрігері 51 миллион теңгеге жуық қаржыны иемденгені анықталған,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Бас дәрігер іс жүзінде орындалмаған жұмыстар үшін жеке кәсіпкердің шотына ақша аударған",  деп жазылған "Ақ Жайық" басылымының мәліметінде.

Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы  4-бөлігі ("Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу") бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қылмыстық істі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі тергеп жатыр.