Қалған 36 пайызы ғана аудан-қалаларды дамытуға жұмсалады.
Павлодар облысында бюджеттің 64 пайызы әлеуметтік салаға бағытталған
339
оқылды

Бірақ бұл елді мекендердің жыртығын жамауға жетпейді. Бұл туралы Сенаттың Бюджет және қаржы комитетінің көшпелі отырысында айтылды, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жиында өңір атқамінерлері халық қалаулыларына Бюджет туралы кодекске өзгертулер енгізгенде, осы мәселелер қаралса деген өтініш білдірді. Бұдан бөлек, жиында төртінші деңгейлі бюджеттің де жай-күйі сөз болды. Бұл ретте облыс әкімі Асайын Байханов ауылдарға бөлек қаражат бөлу тәжірибесін енгізуді ұсынды. Тәжірибе Павлодар қаласындағы 7 ауылға қолданылған. Қазіргі уақытта өз нәтижесін берді. Комитет мүшелері сапар аясында өңірдегі бірқатар ауылдарды аралап, төртінші деңгейлі бюджеттің орындаудағы түйткілдермен танысты. 

Төртінші деңгейлі бюджеттің жеткіліксіз екенін жақсы білеміз. Жаңа Бюджет кодексінде осы мәселелердің шешілуін қарастырамыз. Бірінші заң қабылдамас бұрын жергілікті жерлерде ауылдар бюджеттің жағдайы қалай, соны білуіміз керек. Сол үшін арнайы өңірге келдік. Осындағы жағдаймен танысып, заң қабылдар кезде түйткілдерді ескеретін боламыз,  деді Сенат депутаты Серік Өтешов.