Күдіктінің 3 алаяқтық дерегіне қатысы дәлелденді.
Алматыда алаяқтықпен айналысқан егде жастағы әйел ұсталды
Фото: inastana.kz
572
оқылды

Алматыда бірқатар алаяқтықпен айналысқан әйел ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Polisia.kz-тің жазуынша, Ақтау қаласының 57 жастағы тұрғыны аңғал азаматтарға пәтер мен көлікті нарықтағы құнынан төмен бағамен сатып алуды ұсынған. Жәбірленушілердің қаражатын иемденіп алған әйел оны өз қажеттіліктеріне жұмсаған. 

«Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктінің 3 алаяқтық дерегіне қатысы дәлелденді. Қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта ұсталған азаматша қамауда отыр, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов. 

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.