Vita ұйымына әйелдің жоғалып кеткені туралы хабар түскен.
«Таңғы 5-те әкесінің үйінен шығып кеткен»: Павлодарда әйел жоғалып кетті
Фото: Константин Шелков
1,384
оқылды

Павлодарда әйел жоғалып кетті. Ол ешбір камераға түспеген, – деп хабарлайды Aikyn.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Vita ұйымына әйелдің жоғалып кеткені туралы хабар түскен. 

«Ол 28 наурызда таңғы сағат 5-те әкесінің үйінен белгісіз бағытта шығып кеткен. Бірнеше күн бұрын Екібастұз қаласына Павлодар қаласынан келген. Уақытты жоғалтпай, бірден шығып кеткен мекенжайға келіп, іздеуге кірістік. Еріктілер оның туыстарымен сөйлесіп, дүкен камераларын қарады», – деп хабарлады ұйым. 

Алайда ол ешбір камераға түспеген.  

«Егер Қырмызы Сарбасованы көрген немесе оның орналасқан жерін білетін адамдар болса, еріктілердің келесі нөмірлері бойынша хабарлауды сұрайды: +7 (778) 295 97 55 Самал (Екібастұз қаласының іздеу үйлестірушісі), +7 (747) 615 55 63 Катерина (WhatsApp)», – делінген хабарламада.