Қазақстан бойынша тұман, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста – найзағай, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта – көктайғақ күтіледі.
Тұман, найзағай, көктайғақ: 30 наурызға ауа райы болжамы жарияланды
Фото: elements.envanto
3,623
оқылды

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 30 наурызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазақстанның басым бөлігінің ауа райын циклон жырасы және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер айқындайтын болады, осыған байланысты Қазақстан бойынша ауа райының тұрақсыз сипаты, жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады.

Қазақстан бойынша тұман, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста – найзағай, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта – көктайғақ күтіледі.