60 жастағы анаға екі бөлмелі пәтер сыйлады.
Блогер жалғызбасты анаға үй сыйлады
Фото: видеодан кадр
3,330
оқылды

Блогер Фариза Төреәлі жалғызбасты анаға пәтер сыйлады.

Блогер әлеуметтік желідегі парақшасындағы оқырмандарымен бірлесіп қаржы жинап, қасиетті айда қайырымдылық жасауды ұйғарған. Бұл ұсынысын жолдасы да қолдапты. Осылайша, 10 сағатта 20 миллион теңге жиналған. Бұл қаржыға 60 жастағы анаға екі бөлмелі пәтер сыйлады.

«Оқырмандарыммен бірге Назира ханымға үй сыйладық! Ешқашан өзінің баспанасы болмаған екен, 60 жасқа толған шағында Алла бұйыртып тұр.Барлығы расында аяқ асты болып кетті. Рамазан айында бір күнімізді сыртқа шығып мұқтаж жандарға көмек берейік деген ой болды. Дархан бірден біздің үйдегі күзет болып жұмыс жасайтын Назира ханымды есіне түсірді. Алла ойына салды ғой. Алдыңғы рилста көргендеріңіздей, көмек бердік ақшалай. Содан кейін оқырмандарым осы кісіге үй алуға ақша жинайықшы деп ұсыныс білдірді. Міне, 10 сағат ішінде 20 млн жиналып, бірден бүгін үй алып табыстадық. Тым болмаса екі күнде он миллион жиналса екен деп ойлап едік, Алланың құдыретін қараңыздаршы.. Бұл кісі әлі сене алмай жүр. ... Бір отбасыға қандай қуаныш сыйладық, оқырмандар. Алла қабыл етсін! Әлемде жақсы адамдар көп!» - деп жазды ол.