Сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдары сотқа жолданды.
Қазақстанға жалған құжатпен кіргізілген 45 жүк көлігі мен тіркеме анықталды – ҚМА
Видеодан скриншот
1,691
оқылды

Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы облысы бойынша департаменті Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен жүк автомобильдерінің экономикалық контрабандасы бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Тергеу барысында қылмыстық топтың Қазақстанға жалған құжаттарды пайдалана отырып, есепке қойылған заңсыз 45 жүк көлігі мен тіркеме кіргізілгені анықталды.

«Бұл мемлекетке 180 млн теңге сомасына төленбеген кедендік төлемдер, сондай-ақ 205 млн теңге сомасына тіркеу төлемдерін төлемеу түрінде залал келтірді.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдары сотқа жолданды. Тергеп-тексеру жалғасуда, өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды», – деп жазды агенттіктен.