Қостанай облысында бірнеше тұрғын үйді су басты

ТЖД жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп еріген қар суын сору жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Бүгін қардың қарқынды еруі салдарынан Қостанай облысындағы бірнеше тұрғын үйді су басты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

«Қостанай облысы Арқалық қаласының Жаңа, Отан, Солтүстік, саяжай елді мекендерінде 20 аула аумағы, оның ішінде 12 жеке тұрғын үйді су басты», – делінген ТЖМ хабарламасында. 

ТЖД жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп еріген қар суын сору жұмыстарын жүргізіп жатыр.