Бүгін Астана әуежайы рейстердің ұшу кестесінде өзгеріс болуы мүмкін екенін ескертті.
Астана: әуе рейстерінің ұшу кестесі өзгеруі мүмкін
www.pexels.com
570
оқылды

Бүгін, яғни 25 наурыз күні кешкі сағат 8-ге дейін аэродромда қалың тұман болып, соның салдарынан рейстердің ұшу кестесі өзгеруі ықтималдығын ескертті.

«Құрметті, жолаушылар! Метеорологтердің ақпараты бойынша, 25 наурызда елорда әуежайының әуе айлағында таңғы сағат 08:00-ге дейін қалың тұман болады. Осы аралықта кейбір рейстердің ұшу және қону уақытына өзгеріс енуі мүмкін», – делінген хабарламада.