Сағындық Тоғамбай үш мәрте Азия чемпионы атанған.
Сағындық Тоғамбайдың халықаралық турнирдегі жекпе-жегі нокаутпен аяқталды
Фото: YouTube
3,483
оқылды

Қазақстандық боксшы Сағындық Тоғамбай Бакуде (Әзербайжан) өтіп жатқан «Ұлы Жібек жолы» халықаралық турнирінде алғашқы жекпе-жегін өткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Sports.kz-тің жазуынша, 92 келіге дейінгі салмақта ширек финалда Тоғамбай әзербайжандық Фуад Джафаровпен кездесіп, оны үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Осылайша, Сағындық Тоғамбай турнирдің жартылай финалына шығып, кем дегенде қола жүлдеге кепілдік берді. Айта кетейік, Сағындық Тоғамбай – Азия чемпионаты мен 2022 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері. Сонымен қатар жастар арасындағы әлем чемпионатында (2018) күміс алып, үш мәрте Азия чемпионы атанған.