Ресейде 24 наурыз жалпыұлттық аза тұту күні ретінде жарияланды.
Мәскеудегі теракт: зардап шеккендер саны 152-ге жетті
YK-news.kz
1,245
оқылды

РФ Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәскеу облысы бойынша штаб-пәтерінің жаңартылған мәліметтері бойынша «Крокус Сити Холлдағы» теракт салдарынан зардап шеккендер саны 152-ге жетті, деп хабарлайды Aikyn.kz.

ТАСС жазғандай, бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі 147 адам зардап шеккенін хабарлаған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары үйінділерді тазалау жұмыстарын жалғастырып жатыр. Түнде жұмысқа ауыр техникалар қосылды.

Еске сала кетсек, 22 наурыз күні Мәскеудің солтүстік-батысындағы  Crocus City Hall  концерт залында атыс болып, камуфляж киген адамдар бейбіт тұрғындарға оқ жаудырған.