Бұл жаңалық көрерменнің көңілін түсіргендей.
«Екеумізді айырып жіберді»: әнші Балжан Бидаш Ұлан Қонысбаевпен тележобада өнер көрсетпейтінін айтты
Фото: instagram.com/konysbayev7
26,053
оқылды

Әнші Балжан Бидаш «Егіз-лебіз» жобасында енді қазақстандық футболшы Ұлан Қонысбаевпен бірге өнер көрсетпейтінін айтты. 

«Егіз-лебізде Ұлан екеумізді айырып жіберді. Яғни, бүгін басқа жұппен шығамын»,  деп жазды әнші Instagram парақшасында.  

Алайда бұл жаңалық көрерменнің көңілін түсіргендей. Оқырман сүйікті жұбының сахнада бірге өнер көрсеткенін қалайтынын жеткізді.

«Қызғанған болар керемет жұпты», «Жеңіп кетпесін деді ме?»,  деп жазды желі қолданушылары.