Даниял Сәбит (51 келі) пен Аманат Сабырғали (+92 келі) жарыстың қола жүлдегері атанды.
Қазақстанның сегіз боксшысы Литвадағы турнирдің финалына шықты
Фото: olympic.kz
908
оқылды

Литваның Каунас қаласында өтіп жатқан бокстан Альгирдас Шоцикас турнирінің финалында сегіз қазақ боксшысы бақ сынайды,  – деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Финалға жолдама алған спортшылар қатарында Асылжан Серікбай (57 келі), Алмат Әбдуәли (60 келі), Жандос Қыдырәлиев (63,5 келі), Елнұр Сүйінбай (67 келі), Фарух Тоқтасынов (71 келі), Азамат Бектас (75 келі), Тұрсынбай Құлахмет (80 келі) және Абзал Құттыбеков (86 келі) бар.

Даниял Сәбит (51 келі) пен Аманат Сабырғали (+92 келі) жарыстың қола жүлдегері атанды.