Оқиға салдарынан 3 адам қаза тауып, 2 адам жарақат алды.
Алматы облысында жол апатынан үш адам көз жұмды
Фото: pexels.com
434
оқылды

Алматы облысы аумағындағы «Екатеринбург-Алматы» тас жолының 2460-шы шақырымында жол-көлік оқиғасы болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Оқиға 23 наурызда сағат 14:45 шамасында болған.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» мәліметінше, «Daewoo» көлігінің жүргізушісі көлікке ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, «DAF» жүк көлігімен соқтығысқан.

Осы оқиға салдарынан 3 адам қаза тауып, 2 адам жарақат алды. Оқиға орнында тиісті жол белгілері орнатылды.