Mash Telegram арнасы Крокус cити холлдағы лаңкестік әрекеттен зардап шеккен 44 адамның, оның ішінде екі баланың жағдайы ауыр екенін хабарлады.
Мәскеудегі теракт кезінде қаза тапқандардың жаңа тізімі жарияланды
Фото: видеодан кадр/ t.me/ostorozhno_novosti
1,148
оқылды

Мәскеудегі теракт кезінде қаза тапқандардың жаңа тізімі жарияланды.

Мәскеу облысының денсаулық сақтау министрлігі Крокус cити холлда болған терактіде қаза тапқандардың жаңартылған тізімін жариялады. Қаза тапқан 41 адамның жеке мәліметі белгілі болды.

Ал Mash Telegram арнасы Крокус cити холлдағы лаңкестік әрекеттен зардап шеккен 44 адамның, оның ішінде екі баланың жағдайы ауыр екенін хабарлады. Зардап шеккен тағы 16 адамның, оның ішінде бір баланың жағдайы өте ауыр.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеу облысындағы лаңкестік әрекет салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты қазақстандықтардың атынан Владимир Путинге және бауырлас Ресей халқына қайғырып көңіл айтты.