Ақсу ауданындағы Алматы-Өскемен тасжолының 336-шақырымында жол апаты болып, салдарынан төрт адам қаза тапты.
Жетісу облысында жол апатынан төрт адам көз жұмды
359
оқылды

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Lada Priora жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, Toyota Windom көлігімен соқтығысқан, – деп жазады Aikyn.kz.

Оқиға салдарынан Lada Priora жүргізушісі, оның екі жолаушысы, сондай-ақ Toyota Windom көлігінің бір жолаушысы қаза тапты. Зардап шеккен бес адам аудандық ауруханаға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы, қаза тапқандар мен зардап шеккендердің жеке тұлғасы анықталып жатыр.

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, қажетті сараптама тағайындалды.