Ресей тергеу комитеті қаза тапқандар саны 60 адамнан асқанын, ал Федералды қауіпсіздік комитеті 100-ден аса адам зардап шеккенін мәлімдеді.
Мәскеудегі теракт: қаза тапқан адам саны 60-тан асты
1,110
оқылды

Ресей денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко ауруханаға жатқызылған адам саны 115, оның ішінде 5 бала барын жазды,  – деп хабарлайды Aikyn.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

Зардап шеккендердің 60-ы ауыр жағдайда. Мурашко "Крокус Сити Холлда" болған лаңкестік шабуылдан зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсету бойынша негізгі жұмыс аяқталғанын, қазір дәрігерлер пациенттердің жағдайын тұрақтандырып, жағдайы ең ауыр деп бағаланған адамдарды емдеу жұмысын жалғастырып жатқанын айтты.

Ресей төтенше жағдайлар министрлігі зардап шеккендердің тізімін жариялады. 

22 наурызда қарулы лаңкестер "Крокус Сити Холл" концерт залына басып кіріп, "Пикник" тобының қойылымын тыңдауға келген адамдарға оқ жаудырды. Осыдан кейін ғимаратта жарылыстар естіліп, өрт шықты. Ресей тергеу комитеті (РТК) 60-тан астам адамның қайтыс болғанын әрі бұл көрсеткіш артуы мүмкін екенін хабарлады. РТК террористік акт туралы бап бойынша қылмыстық іс қозғады.