Оқиға орнына мәскеулік Арнайы жедел әрекет ету отряды мен арнайы жасақ және өрт сөндірушілер шұғыл жетті.
Мәскеуде белгісіз біреулер адамдарға Крокус Сити Холлда оқ жаудырды
Фото: ТАСС
1,187
оқылды

Мәскеуде «Крокус Сити Холл» концерт залында камуфляж киген адамдар Пикник тобының концерті алдында оқ жаудырды, қаза тапқандар мен жараланғандар бар, - деп жазады Mash және Baza telegram арналары.

Белгісіз ер адам автоматтан оқ жаудырған. 14 адам қаза тауып, кем дегенде 42 адам жарақат алды, деп хабарлайды Baza. РИА Новости камуфляж киген үш адам концерт залында оқ жаудырғанын айтса, «Интерфакс» кемінде бес шабуылшы болған деп жазады.

ТАСС агенттігіне оқиға куәгерлері атыстан зардап шеккендер мен жараланғандар бар екенін хабарлады.

Оқиға орнына мәскеулік Арнайы жедел әрекет ету отряды мен арнайы жасақ және өрт сөндірушілер шұғыл жетті.

Атыс кезінде музыканттар зардап шеккен жоқ, деп хабарлады ТАСС агенттігіне құқық қорғау органдары

Мәскеу облысының губернаторы Андрей Воробьев жедел штаб құрылғанын хабарлады.