Ер адам көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен деседі.
Үйдің шатырынан ер адамның денесі табылды
qazaq.today
506
оқылды

Ақтаудағы шағынауданда үйдің шатырынан ер адамның денесі табылды. Бұл туралы Аikyn.kz сайты Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қайғылы оқиға Ақтаудағы 12-шағынауданда орналасқан №34 үйде болған. Ер адамның денесі үйдің төбесінен табылған. Бұл туралы куәгерлер әлеуметтік желіде хабарлаған. Әлеуметтік желідегі видеода қайтыс болған азаматтың денесі көрсетілген.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем барған. Мамандар ер адам көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен деп болжам жасап отыр.