Зейнеткердің денесін күйік шалып, иіс тиіп уланған.
СҚО-да екі оқушы зейнеткерді өрттен құтқарып қалды
СҚО Төтенше жағдайлар департаменті
405
оқылды

Солтүстік Қазақстан облысы Шағалалы елді мекенінде көппәтерлі тұрғын үй өртеніп, бір адам күйік алды.

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Аққайың ауданы Шағалалы елді мекеніндегі екі қабатты тұрғын үйден өрт шыққан. Хабар 21 наурыз күні сағат 13.47-де түскен.

Елді мекен мен жақын маңдағы өрт сөндіру бекетінің арасы 55 шақырым еді. Мамандар келгенше өртті «СКОС» ЖШС ерікті өрт сөндіру құрылымы сөндірген. Сол арада ауылдағы орта мектептің екі оқушысы – 16 жастағы Константин Антропов пен 15 жастағы Станислав Петерс пәтер иесін құтқарып қалған. 

Зейнеткердің денесінің 20 пайызы күйіп, иіс тиіп уланған. Қазір 68 жастағы ер адам ауруханада жатыр. Жағдайы орташа. Мамандар өрт пешті дұрыс қолданбаудан шыққан деп болжап отыр.