Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA 1000 санатындағы турнир матчын сәтті бастады.
Сырқатынан сауыққан Рыбакина Майамидегі WTA 1000 турнирін сәтті бастады
vecher.kz
910
оқылды

Елена Рыбакина бұл турнирді екінші айналымнан бастады. Ол даниялық Клара Таусонды ұтты. 

Екі жарым сағатқа созылған кездесу 3:6, 7:5, 6:4 есебімен аяқталып, қазақстандық теннисші жарыстың үшінші кезеңіне өтті.

Рыбакинаның келесі қарсыласы америкалық Тейлор Таунсенд кездеседі.

Естеріңізде болса, былтыр Майамиде қазақстандық теннисші финалға дейін жетіп, чехиялық Петра Квитоваға есе жіберген (6:7, 2:6) еді. Оның үстіне, наурыздың басында денсаулығына байланысты Индиан-Уэллстегі "Мастерс" санатындағы турнирге қатыса алмаған болатын.