Магнитудасы – 5 бал
22 наурыз: Алматыдан 592 шақырым жерде 5 балдық жер сілкінісі болды
5,947
оқылды

ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық байқаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы" сейсмикалық стансалар желісі тағы жер сілкінісін тіркеді. Негізгі эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай, 592 шақырым жерде Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінген. 

Жер сілкінісі 22 наурызда Алматы уақыты бойынша сағат 08.47-де болды. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11.9, ал магнитудасы – 5 бал. Эпицентрі бес шақырым тереңдікте болған.

Бұған дейін ТЖД қызметкерлері жер сілкінісі кезіндегі сақтық шаралары жайында тұрғындармен әңгімелесу мақсатында, алматылықтардың үй-үйін аралап жүргені хабарланған болатын. Түсіндіру жұмыстарынан басқа қала тұрғындарына жерасты дүмпулері кезінде не істеу керектігі туралы жадынамалар таратылады.