Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатының жолдамасынан қағылды.
Отставкаға кете ме, жоқ па?: футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері өз пікірін білдірді
2,838
оқылды

Қазақстан құрамасының Грекиядан ойсырай жеңілісінен кейін бас бапкер Магомед Адиев ұлттық құрамада жұмысын жалғастыратынын айтты. Бұл туралы BaigeNews.kz сілтеме жасай отырып, Аikyn.kz хабарлайды.

"Киім ауыстыратын бөлмеде де осыны айттым. Тағы да қайталаймын. Бұл цикл жабылды. Балалар үлкен жолдан өтті. Еуропа чемпионатына дейін ешқайда кетпейтінімді бұрын да айттым, уәдемде тұрдым. Енді бас қосып, келесі циклге федерация дайын ба, мен дайынмын ба деген ойланатын кез келді. Адлет Назарбаевич Барменқұловпен сөйлеспейінше ешқандай шешім қабылдамаймын. Өйткені ол мен үшін көп нәрсе жасады. Мені осы қызметке тағайындаған кезінде талай сынға ұшырадық, талай сөз айтылды. Соның бәріне төтеп беріп, маған қорған болған – осы жан. Онсыз ешқандай шешім шығармаймын", – деді Магомед Адиев.

Афинадағы Қазақстанмен матчтан кейін Греция футболшылары Еуро-2024 жолдамасын алды. Енді олар Грузияға қарсы ойнайды. Кездесу 26 наурызда Тбилисиде өтеді. Қазақстан құрамасы осы күні Ұлттар лигасының жартылай финалында Грузиядан жеңілген Люксембургпен кездеседі.