Видеодан өнер иесі өз үйінде үлкен қазанға наурызкөже дайындап жатқанын көруге болады.
Наурызкөже пісірген Мақпал Жүнісова жұртты сүйсінтті
Фото: instagram.com/zhunusova.makpal
15,988
оқылды

Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова Наурыз мерекесіне дайындықты бастады. Әнші әлеуметтік желіде наурызкөже дайындап жатқан сәтінен видео жариялады. 

Видеодан өнер иесі өз үйінде үлкен қазанға наурызкөже дайындап жатқанын көруге болады. Әнші баршаны мерекемен құттықтап, ақ тілегін жеткізді.

«Құрметті халайық, келіп жеткен Наурыз мейрамы құтты болсын. Отбасыларыңызда береке, мереке болсын. Еліміз аман болсын, ақ мол болсын. Міне наурызкөжемізді дайындап жатырмыз. Тойдан тойға жете беріңіздер» - деді Мақпал Жүнісова.