Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына барды.
Жәния Әубәкірова музыкалық жоғары білім саласы туралы ой-пікірін айтты
450
оқылды

Мемлекет басшысы Қазақстанның халық әртісі Жәния Әубәкірованы қабылдады. Бұл туралы Aikyn.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесуде еліміздегі мәдениет саласының дамуы мен өзекті проблемалары талқыланды.

Жәния Әубәкірова Президентке жеке шығармашылығы мен өзінің авторлық мектебінің жұмысы туралы баяндады. Сонымен қатар ұзақ уақыт бойы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры болған маман музыкалық жоғары білім саласы туралы ой-пікірін жеткізді.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев Жәния Әубәкірованың қоғамдық мәселелерге қатысты ұсыныстарын тыңдап, өнер саласындағы бастамаларына сәттілік тіледі.