Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Бекзат Алмахан аяғына ота жасатты.
Аралас жекпе-жек шебері Бекзат Алмахан аяғына ота жасатты
парақшасынан алында
1,603
оқылды

Спорт шебері бұл туралы өзінің Instagram парақшасында жазды.

"Ассалаумағалейкум баршаңызға! Ұлыстың ұлы күні Наурыз құтты болсын! Операциямыз сәтті өтті. Ендігі жұмыс қалпына келу процесі", – деп жазды Бекзат Алмахан. 

26 жастағы қазақстандық файтер Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC Fight Night 238 турнирінде ресейлік аралас жекпе-жек шебері Умар Нурмагомедовпен кездесіп, өз мансабында екінші рет жеңіліске ұшыраған болатын.

Еске салайық, Бекзат Алмахан қаңтар айында UFC-мен келісімшартқа отырған еді. Кейін оның промоушендегі алғашқы қарсыласы Хабиб Нурмагомедовтің туысқаны Умар Нурмагомедов болатыны анықталды. Ол Бекзат Алмаханмен күш сынасуға неге келісім берген еді.