ҚМДБ мамандары ораза кезінде байқамай тамақ ішу оразаны бұзбайтынын айтады.
Байқамай тамақ ішіп қойса, ораза бұзыла ма?
Фото: Sputnik
2,899
оқылды

Ауыз бекітіп жүрен адам байқамай тамақ ішіп қойса, оразасы бұзыла ма? Бұл сұраққа ҚМДБ мамандары жауап берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҚМДБ мамандары ораза кезінде байқамай тамақ ішу оразаны бұзбайтынын айтады.

"Ораза кезінде ұмытып ішіп-жеу оразаны бұзбайды. Бірақ ораза екендігі есіне түскен сәтте ішіп-жеуін бірден тоқтатуы керек. Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Аузы берік адам ұмытып ішіп-жесе, оразасын бұзбай толықтырсын. Өйткені оған жегізген де, ішкізген де – Алла, – деген. Ал егер оразам бұзылды деген оймен, білместікпен ішіп-жеуін ары қарай жалғастырса, рамазан айынан соң сол күннің қазасын өтейді", - делінген хабарламада.