Алматыда Қазақстан құрамасы мен Грекия матчын жүргізетіні айтылған еді.
Белгілі спорт комментаторы қайтыс болды
Фото: belarushockey.com
795
оқылды

Ресейлік журналист, комментатор Василий Уткин өмірден өткені туралы белгілі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

21 наурызда Василий Уткиннің Алматыда Қазақстан құрамасы мен Грекия матчын жүргізетіні айтылған еді. Ресейлік БАҚ журналистің жүрегі ауырғанын жазып жатыр.

Уткин 1989 жылдан бастап телевизия саласында жұмыс істей бастады, ал 1994 жылдан бастап НТВ телекомпаниясының қызметкері болды, онда «Футбол клубы» бағдарламасын жүргізді. 2015 жылға дейін футбол матчтарында комментатор болды. 2004 және 2005 жылдары «Үздік спорт комментаторы» аталымы бойынша «ТЭФИ» сыйлығының иегері атанды.