Жарылыс 18 наурыз күні сағат 23.00 шамасында болған
Маңғыстау облысындағы магистральды газ құбырында жарылыс болды
339
оқылды

Маңғыстау облысындағы Бейнеу кентінде магистральды газ құбырында жарылыс болды, деп хабарлайды Aikyn.kz.

18 наурыз күні шамамен сағат 23.00 шамасында Бейнеу ауылындағы “ИнтергазОрталықАзия” АҚ-ның САЦ-4 магистральды газ құбырының поршеньді жіберу торабында өрт шыққан.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Өрт толықтай сөндірілді. Қазіргі таңда жарылыстың себебі анықталып жатыр, делінген хабарламада.