Матч Афинада 21 наурыздан 22 наурызға қараған түні өтеді.
Футболдан Грекия мен Қазақстан командалары арасындағы матчты қайдан көруге болады
Фото: sports.kz
4,074
оқылды

Қазақстандық жанкүйерлер Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінің жартылай финалындағы Қазақстан құрамасының Грекия құрамасына қарсы ойынын тікелей эфирде тамашалай алады, - деп хабарлайды  Aikyn.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап. 

Грекия-Қазақстан матчын тікелей трансляцияны Qazaqstan және Qazsport телеарналары ұйымдастырады. Матч Афинада 21 наурыздан 22 наурызға қараған түні өтеді. Астана уақытымен 00:35-те басталады. 

Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінде командалар футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына жолдама үшін таласады. 

Грекия мен Қазақстан кездесуінің жеңімпазы финалда Грузия мен Люксембург арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды. Төрт команданың үздіктері биылғы құрлық біріншілігінде өнер көрсетуге жолдама алады.