Мемлекет басшысы Ресей президентінің стратегиялық бағдары жалпыхалықтық қолдауға ие болғанын атап өтті.
Тоқаев Путинді президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады
Фото: Ақорда
493
оқылды

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Президент сайлауындағы сенімді жеңісімен құттықтады, – деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Мемлекет басшысы Ресей президентінің стратегиялық бағдары жалпыхалықтық қолдауға ие болғанын атап өтті.

Тараптар стратегиялық серіктестік рухында қарқынды дамып келе жатқан екіжақты ынтымақтастық барысын талқылады.

Мемлекеттер басшылары өзара тығыз ықпалдастықты жалғастыруға келісті.