Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасының солтүстік жартысында түнде 7-18 аязға дейін, күндіз 6 аяз -6 жылыға дейін, республиканың оңтүстік жартысында түнде 0-10 аязға дейін, күндіз 3-18 жылыға дейін біртіндеп төмендеуі күтіледі.
"Көктайғақ, бұрқасын, -18 градус аяз": 19-21 наурызға ауа райы болжамы жарияланды
фото: el.kz
8,287
оқылды

Алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігіне атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етуімен жауын-шашын күтіледі, – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Қатты жауын-шашын, жаңбыр мен қар түрінде 21 наурызда түнде Қарағанды облысының оңтүстігінде, қатты жаңбыр 20 наурызда күндіз Маңғыстау облысының батысында және оңтүстігінде, 21 наурызда Қызылорда облысында, 20-21 наурызда Түркістан облысында, 19 наурызда күндіз, 20-21 наурызда күндіз Жамбыл облысында, 21 наурызда Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жауады.

Жауын-шашынсыз ауа райы 20-21 наурызда Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарында, 21 наурызда Қостанай облысында күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, тұман, көктайғақ, солтүстікте және орталықта бұрқасын, Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында найзағай болжанады.