Бұл туралы қазақстандық өнер иесінің өзі жеке парақшасына жазды.
Димаш Құдайберген әлемдік деңгейдегі әнші Пласидо Домингоға шапан жапты
1,445
оқылды

Опера әншісіне құрмет көрсетіп жатқан сәттің видеосы әлеуметтік желіге тарады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Қай халық болса да, өзінің кіндік қаны тамып, туып-өскен еліне, жеріне деген ыстық ықыласын, терең сезім­дерін өлеңге қосып, өз өлкесі­нің тау-тасын, дархан даласын, аққулы көлін жырламаған өнерпаз кемде-кем. Саф өнері арқылы өз ұлтының үнін, жүректен шыққан тың туындыларын күллі әлемнің алақанында аялата білген 20-ғасырдың үздік опера әншісі Пласидо Доминго атамызға дәстүріміз бойынша шапан жапқан сәттен көрініс. Бүгінгі күн – ертеңгі тарих", – деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында.

Бұған дейін Димаш Құдайберген мен Пласидо Доминго Будапештте Virtuosos V4+ жобасының финалында Жорж Бизенің 1863 жылғы "Искатели жемчуга" операсынан дуэт шырқаған болатын.