Ал әйел ақшаның қолды болғанын да сезбей қалған.
Зейнеткердің 100 миллион теңгесін ұрлағандарды криминалист қораптағы аяқ іздері арқылы тапты
Фото: astanatv.kz
769
оқылды

2023 жылғы маусымда петропавлдық зейнеткердің үйіне суға арналған «Аквафор» сүзгісі құрылғысын тиімді жеңілдікпен орнатуды ұсынып екі жас жігіт барған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Аstana телеарнасының мәліметінше, жас жігіттер уәде еткен жұмысты орындап, еш күдік тудырмаған. Зейнеткер көрші бөлмеден ақша алып шығып, құрылғы үшін төлем жасаған. Осы сәтте жігіттердің бірі ақша жасырылған жерді байқап қалған. Олар зейнеткерді алдамақ болып, «спектакль» қойған. Олардың біреуі әжейді сөзге айналдырса, екіншісі көрші бөлмеге өтіп, 100 млн теңге қаражатты жымқырған.

Ал әйел ақшаның қолды болғанын да сезбей қалған. Ақшаның ұрланғаны туралы бірнеше күн өткеннен кейін білген.