Бұл оқиға сот ғимаратынан шыға берісте болған.
Жол апатынан қаза тапқан жасөспірімнің әкесі жүргізушіні атып кетті
1,279
оқылды

Дағыстанда 14 жасар ұлын қағып өлтірген жүргізушіге берілген тым жеңіл жазаға наразы әке сотталушы мен адвокатты атып тастады,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Life.ru сайты жазғандай, 15 наурыз күні түстен кейін Ноғай аудандық сотында жасөспірімнің өліміне әкеп соқтырған жазатайым оқиғаға қатысты қылмыстық іс қаралды. Өткен жылғы мамырда 21 жастағы жүргізуші мопед тізгіндеген 14 жастағы оқушыны қағып кеткен. Бала алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды.

Сот жүргізушіге мынадай үкім шығарды: бір жарым жылға бас бостандығын шектеу. Марқұм жасөспірімнің әкесі үкімге наразы болып, сотталушы мен оның адвокатын дәл сот ғимаратының сыртында атып тастаған. Екеуі де сол жерде көз жұмды.

Атқан адам ұсталып, айғақ беруде.