Биыл белгілі ғалым, ҰҒА академигі, қоғам қайрат­ке­рі Баян Рақышев 90-ға толды. Ғалымның кеңестік кезең­нен бастап күні бүгінге дейін ұзақ жылғы өндірістік әрі ғы­лыми-педагогикалық қызме­ті­нің өзі 70 жылға жуықтапты.
Тау-кен ісінің тарланы
1,553
оқылды

Баян Рақышев 1985 жылдан бастап 1992 жылға дейін ҚазПТИ ректоры болып қызмет атқарды. Осы жылдары ҚазПТИ-де еліміз­де алғаш рет өндірістік тәжіри­беден өту үшін мамандандырылған студенттік отрядтар ұйым­дас­ты­рылды, кәсіпорындарда кафедра­ның бірнеше филиалы, ғылыми-зерттеу орталықтары ашылды. Сол кезде 38 мамандық бойынша 15 мыңға жуық студент оқыды. 1966-1978 жылдары тау жыныстарының қопарғыш заттармен жарылу са­ласындағы теориялық және эксперименттік зерттеулерді жалғас­тыра отырып, Баян Рақышұлы тау жыныстарының нақты массиві цилиндрлік зарядпен жарылудағы келісімді теориясын тапты. Тео­рия­лық механика мен серпім­ділік теориясының жалпы теоремаларын қолдана отырып, цилиндрлік пішінді жарылған қуыстың кеңею заңдылықтарын анықтады. Осы зерттеулердің нәтижелері бойынша Б. Рақышев 1978 жылы әлемге әйгілі ұлы ғалым, КСРО Ғылым академиясының академигі Владимир Ржевскийдің қолдауымен Мәскеу тау-кен институтында «Карьерлерде қопарылған масса­ның қажетті технологиялық параметрлеріне қол жеткізу үшін жарылыс процесін басқару» тақыры­бында докторлық диссертациясын сәтті қорғады. 

1981 жылы профессор ғылыми атағын иеленіп, 1983 жылы ҚазКСР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі болып сайланды. Осы жылдар ішінде Баян Рақышевтің жетекшілігімен тау жыныстарын өңдеудің жаңа физикалық әдістерінің проблема­лық зертханасында соны тәсіл­дермен тау жыныстарын өңдеу саласында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізілді. Орындалған зерттеулердің негізінде құрылыс­тық тау жыныстарының блоктарын жарылыссыз өндіретін, жар­тас­тардағы жарықшаларды ұңғы­лай­тын және ерекше табиғи жағ­дайда бұрғылайтын машиналар­дың, техникалық құралдар мен прогрессивті технологиялары жа­салды.

1994 жылдан қазіргі уақытқа дейін Б.Рақышев тау-кен ғылым­дары саласындағы мемлекеттік ғылыми-техникалық бағдарла­малар бойынша жобалардың ғы­лы­ми жетекшісі қызметін жалғас­тырып келеді. Академиктің бас­шы­лы­ғымен 9 ғылым докторы, 30 техника ғылымдарының кандидаты, 9 PhD докторы, жүздеген магистр мен инженер дайындалды.

Баян Рақышұлы қазір де белсенді түрде ғылыми-зерттеу, ғы­лыми-ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуде. Ғалым ағамыздың жиі айтатын мынадай сөзі бар: «Уақы­тын тиімді пайдаланбаған адам көп нәрсені жоғалтады». Осы ұста­нымды ту еткен ол кісі саналы ғұ­мырында келешек ұрпақ игілігі үшін көп қызмет етті. Көрнекті ғалым, ұлағатты ұстазымыздың қазақ ғылымының дамуына қос­қан зор еңбегі ұмытылмайды. 

Ержан КӨЛДЕЕВ,

Қ.Сәтбаев атындағы 

ҚазҰТЗУ проректоры