Сарыкөл көлінің маңында жеңіл көлік мінген жолаушылар қар құрсауында қалған.
Қостанай облысында қар құрсауында қалған жолаушылар құтқарылды
334
оқылды

Қостанай облысында ТЖД құтқарушылары Сарыкөл көлінің маңында жеңіл көлікпен қар құрсауында қалған жолаушыларды құтқарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

15 наурыз күні сағат 00:37-де Сарыкөл ауылынан 6 шақырым жерде Сарыкөл көлінің маңында жеңіл көлік мінген жолаушылар қар құрсауында қалған.

Оқиға орнына аттанған ТЖД құтқарушылары жолда қалған 3 балықшыны құтқарды.

Олар медициналық көмекті қажет қылмаған.