Сабыржан Аққалықов 2021 жылы жастар арасында әлем чемпионы атанған.
Сербиядағы турнир: Сабыржан Аққалықов кубалық боксшыны сенімді түрде жеңді
Фото: zonakz.net
1,926
оқылды

Қазақстандық боксшы Сабыржан Аққалықов Белградта (Сербия) өтіп жатқан халықаралық турнирді сәтті бастады, - деп хабарлайды Aikyn.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

71 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан Аққалықов 1/8 финалда Сербия атынан шыққан кубалық Антонио Биссетпен қолғап түйістірді. Бұл жекпе-жекте төрт төреші үш раундтың барлығын да 30-27 есебімен қазақстандыққа берді. Тек біреуі жекпе-жекті 29-28 есебімен бағалады. Есеп: 5:0.

Осылайша, боксшымыз турнирдің ширек финалына шықты. 

Айта кетейік, Сабыржан Аққалықов 2021 жылы жастар арасында әлем чемпионы атанған. Қарсыласына келетін болсақ, Антонио Биссет өз елінде әуесқой бокстан бірнеше турнирде жеңіске жетті. Boxrec.com сайтының мәліметінше, рекорды – 53-42.