Күні кеше Астана қаласындағы сотта азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы "өлтірді" деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау өтті. Сол кезде сот отырысында арнаулы орынның болмауына байланысты БАҚ өкілдері сот отырысын белгіленген бөлек бөлмеде отырып көрді.
Министр: Сот отырысында БАҚ өкілдеріне тиісті орындар болуы керек
363
оқылды
Осыған байланысты Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өз пікірін білдірді.
Министрлік әрқашан журналист құқығын шектеуге жол бермеу, ақпаратқа еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету және объективті ақпарат тарату ұстанымын берік сақтайды. Бұл ретте кешегі сот отырысында арнаулы орынның болмауына байланысты БАҚ өкілдері сот отырысын белгіленген бөлек бөлмеде отырып көрді. Алайда БАҚ өкілдеріне тиісті орындар болуы керек. Осы жағдайды ескере отырып, министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, журналистерді қажет орындармен қамту жұмысын жүргізетін болады. Жалпы БАҚ өкілдерін сот процесін жариялау кезінде бірқатар этикалық аспектіні, атап айтсақ, заң үстемдігін, бейтарап әділеттілікті ескеріп, жалған ақпараттың таралуынан және кез келген формада сот қызметіне араласудан сақ болуға шақырамын, – дейді Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.