Хабарлама түскен бойда бір топ құтқарушы оқиға орнына шұғыл аттанған.
Ақтөбеде қар құрсауында қалған жүкті әйел құтқарылды (видео)
Видеодан скриншот
357
оқылды

Ақтөбелік құтқарушылар қар құрсауында қалған жүкті әйелді ауруханаға жеткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жергілікті құтқарушыларға Мұғалжар ауданының Қаракөл ауылынан хабар түскен. Хабарламада көлік қар құрсауында қалып қойғандықтан жүкті әйел Мұғалжар орталық аудандық ауруханасына жете алмай жатқаны айтылған. 

Хабарлама түскен бойда Мұғалжар ауданы № 8 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Алматы Мұратжанұлы, жүргізуші Азат Жамбылұлы, Мұғалжар ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің аға анықтаушысы Нұрбек Тілегенұлы бар бір топ құтқарушы оқиға орнына шұғыл аттанды. 

Құтқарушылар аяғы ауыр әйелді Мұғалжар ауданының орталық ауруханасына аман-есен жеткізді.