Жаңбыр суын айдау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Түркістан облысындағы 4 ауданды су басты
Фото: Видеодан кадр/ТЖМ
564
оқылды

Түркістан облысында жауын-шашынның көп түсуі салдарынан Сайрам, Мақтаарал, Жетісай, Сарыағаш аудандарының жеке тұрғын үйлерінің 8 аула аумағы су астында қалды, - деп хабарлайды  Aikyn.kz. 

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ екенін мәлімдеді. 

«ТЖД және ЖАО күштерімен шамамен 25 адам, 10-ға жуық мотопомпамен аула учаскелерінен жаңбыр суын айдау жұмыстары жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.