Қасиетті Рамазан айының алғашқы күні ҚМДБ Шымкент қалалық өкілдігі мен «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйытқы болуымен «Рамазан қоржыны» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Рамазан қоржыны: 25 500 теңгелік көмек беру іс-шарасы өтті
449
оқылды

Қасиетті Рамазан айының алғашқы күні ҚМДБ Шымкент қалалық өкілдігі мен «Зекет және қайырымдылық» қоры-ның ұйытқы болуымен «Рамазан қоржыны» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҚМДБ ресми сайтының хабарлауынша, айтулы іс-шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, наиб имам Мұхамеджан Естеміров, қалалық «Халал Даму» мекемесінің бақылаушы маманы Қазыбек Сарыбаев, «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілі Айбек Азимбаев және демеуші азаматтар қатысып, үлестірді.

Қайырымдылық шара барысында көпбалалы, мүгедектігі бар тіркеуде тұрған отбасыларға азық-түлік себеті үлестірілді. Жалпы, бір отбасына (ұн, күріш, шай, май, қант, томат, макарон өнімдері, сабын, т.б.) берілген көмектің қаржы мөлшері 25 500 теңгені құрайды.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін шараға қолдау көрсеткен кәсіпкерлерге Алла Тағала разы болсын!

Айта кетсек, қайырымдылық 5 орында өткізілді. Кейбір азаматтардың мүмкіндік шектеуіне орай үйлеріне жеткізілді.