Арқалықта 6 наурызда Полиция басқармасының басшылығы халық алдында есеп берген.
«Жәнібектің туған анасы деп жазылған әйел табылған»: Қымбат Досжан тың деректерді жария етті
5,086
оқылды

Бельгиялық отбасы асырап алған қазақ баласы Жәнібектің заңды өкілі, журналист Қымбат Досжан желіде тағы жазба жариялап, тың дерекпен бөлісті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

«Біз Жәнібектің анасын іздеп жүріп, 2004 жылы қылмыстық құрамның да болғанын ойламаған жерден анықтадық. Негізі қылмыскер емес, туған анасын іздеп жүр едік қой... Жәнібектің құжатында туған анасы деп жазылған әйел 2023 жылдың желтоқсанында табылған, бірақ бала басқа сияқты (ауысып кеткен), өйткені бірнеше ДНҚ анализ теріс шықты.
Жани Савельевтің, яғни Жәнібек Жұмағұловтың туған анасын іздеу барысында ҚР Қылмыстық кодексiнің 135-бабы: «Кәмелетке толмағандар саудасы» бойынша қылмыстық іс ашылып, Арқалық қаласындағы Полиция басқармасының тергеушілері күн-түн демей жұмыс істеп отыр»,  деп жазды ол.

Айтуынша, әйелдерден ДНҚ анализ алып, клиникаға тапсырып жатыр. Арқалықта 6 наурызда Полиция басқармасының басшылығы халық алдында есеп берген. Сол жиында Жәнібектің де мәселесі айтылған. Дереккөзі @araily_arkalyk және «Арайлы Арқалық» YouTube арнасы.

«Бұл проблеманы көтерген азаматқа да алғыс айтамыз, танысыңыздар, белгілеп кетіңіздер. Журналистік зерттеу барысында бельгиялық әйелмен жеке сөйлестік. Сөз арасында «Бала асырап алғанда заң бұзылған жоқ па?» деген де сұрақ қойылды. Ол кісі «Бельгия тарапынан заң бұзылған жоқ» деді де, Қазақстанға қатысты бір адамның аты-жөнін атап, бала асырап алу үшін, сол кісіге бәленбай мың еуро бергенін, өз елінде отырып Жәнібектің фотосы мен мәліметін алғанын, содан кейін ғана жолға шыққанын мәлімдеді. Бұл диалог ресми түрде заңдастырылып, заң органдарына тапсырылды.

Жалпы, Жәнібекке, тастанды балалар тағдырына қатысы болуы мүмкін деген адамдардың бәрі қазір бар, көзі тірі, білуімізше, тек 1 маман өмірден өткен. Тіпті, медицина саласында 40 жылға жуық еңбек етіп келе жатқан мамандардың да Жәнібекке қатысты ресми құжаттарда аты аталған, лауазымы жазылған, қолы қойылған», дейді ол.