Жол апаты 10 наурыз күні қаладағы Алатау ауданында болған.
Алматыда екі жолаушылар автобусы соқтығысып, 6 адам зардап шекті
Фото: ortalyq.kz
484
оқылды

Алматы қаласында екі жолаушылар автобусы соқтығысып, салдарынан 6 адам зардап шекті, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Алматы қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, жол апаты 10 наурыз күні сағат 09:00 шамасында Алатау ауданында болған.

«Бекболат және Новостройка көшелерінің қиылысында №75 және №102 бағыттағы автобустар соқтығысты. Алдын ала болжам бойынша, №75-автобус жүргізушісі қауіпсіз арақашықтықты сақтамай, аялдамада тұрған қоғамдық көлікті соққан. Сол сәтте автобустан жолаушылар түсіп жатқан», – деп хабарлады полициядан.

Жол апаты салдарынан алты адам зардап шекті.

Аталған дерек бойынша Алатау аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр.