Бір жолаушы жедел жәрдеммен Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді.
Атырауда ірі жол апатынан 4 адам көз жұмды
Фото: egemen.kz
408
оқылды

Қайғылы оқиға 10 наурызға қараған түні сағат 01.40 шамасында болды,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Атырау қалалық Полиция басқармасының хабарлауынша, С.Бейбарыс көпірінде маркасы Lada Granta және Infinity автокөліктері соқтығысып, салдарынан Lada Granta автокөлігінің 1998 жылғы жүргізушісі мен 3 жолаушысы оқиға орнында қаза болды.

Тағы бір жолаушы жедел жәрдеммен Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді. 

Қазіргі таңда тиісті іс-құжаттар жинақталып жатыр.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА