Пәтерде төсек-орын өртенген.
Павлодарда пәтерден өрт шығып, үй иесі ауруханаға түсті
334
оқылды

Түтіннен уланған 52 жасар азамат қазір ауруханада жатыр, деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Лермонтов көшесі, 94 мекенжайында орналасқан 5 қабатты үйдің пәтерінен өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Біздің өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жетті. Белгілі болғандай, пәтерде матрас жанған. Баспана иесі улы түтінге тұншығып қалған. Өрт жедел сөндіріліп, зардап шеккен азамат ауруханаға жеткізілді", – деп мәлімдеді Павлодар қалалық 1-МӨСБ бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Нұрлан Тұмайкенов.

Оқиға орнында 18 қызметкер мен 7 автокөлік жұмыс істеді.

Мамандар өрттің шығу себебі мен шығынын анықтап жатыр.