Жедел жәрдем екі зардап шеккен адамды өрт болған жерден алып кетті.
Қостанайда екі қабатты ғимарат өртеніп жатыр
Фото: telegram.org/POLICE_of_KZ
366
оқылды

Қостанайлық өрт сөндірушілер 2 қабатты ғимараттағы өртті сөндіріп жатыр, деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Қостанай қаласында, Қайырбеков көшесі, 455 мекен-жайы бойынша 290 шаршы метр алаңда техникалық қызмет көрсету станциясы өртеніп жатыр. Өрт сөндірушілер көлемі 27 литр 5 газ баллонын шығарды», - делінген Төтенше жағдайлар министрлігі хабарламасында.

Оқиға орнында ТЖД жеке құрамының 40-қа жуық адамы және 12 техникасы жұмыс істеп жатыр. Өрт сағат 21-11-де оқшауланды.

Жедел жәрдем екі зардап шеккен адамды өрт болған жерден алып кетті.