Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.
Атыраудағы қамыс өрті әлі сөнген жоқ
283
оқылды

Атырау облысы Құрманғазы ауданы Құрманғазы ауылынан 40 шақырым жерде «Құрманғазы орман шаруашылығы» КММ аумағында Каспий теңізінің жағалауында табиғи өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Мәліметке сай, бару қиын батпақты аймақта 148 гектар аумақта қамыс жанып жатыр. Сөндіру жұмыстарына қол жетпейтін батпақты рельеф қиындатып отыр. 

"Өрттің жалпы аумағы 2 500 гектарды құрайды, оның 277 гектары төтенше жағдайлар қызметінің күшімен сөндірілді, 2 075 гектары өздігінен жойылды. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. 

Өртті жоюға 56 адам, 9 мотопомпа, 11 моторлы қайықтан тұратын ТЖ, орман шаруашылығы, ЖАО күштері мен құралдары тартылды",  делінген хабарламада.