Түркістан облысындағы көп жыл құлдықта болған апалы-сіңлі қыздардың тағдыры көпшілікке белгілі.
"Сұрықсыз күндерін сәндеу үшін": Тележурналист Назгүл мен Құндызды мерекесімен құттықтап барды
3,245
оқылды

Апалы-сіңлі қыздар ұзақ уақыт бойы еңбек құлдығында болған, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Тележурналист Руслан Өтепбай 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай Құндыз бен Назгүлді арнайы құттықтап барды.

"Көктем мерекесі - айнала әрленіп, қыздар жақындарынан жылы сөз естіп, сүйіктілерінен сыйлық алатын шақ. Әсіресе, 8 наурыз мерекесін жаныңа жақын жандармен өткізгенге не жетсін…

Алайда Назгүл мен Құндыздың бұл фәниде бір-бірінен басқа ешкімі жоқ. Сондықтан әпкелі-сіңлінің көңілін көтеріп, сұрықсыз күндерін сәндеу үшін гүл шоқтары мен тәттілерді алып, кіріп шықтым. Қыздар марқайып қалғандай…

Ағайын, қос қыздың тағдыры сіздірге де сабақ, үлгі-өнеге болсын. Қысқа ғана өмірде бір-бірімізге демеу, бауырларымызға медеу болып жүрейік!", - деп жазды ол желідегі парақшасына.