Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.
Алматы облысында колония бастығы пара алған
Фото: kursiv,media
324
оқылды

Алматы облысында колония бастығы пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазақстан Республикасы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті баспасөз қызметінің мәліметіне сай, 7 наурыз күні пара алды деген күдікпен Алматы, Алматы облысы және Жетісу облысының ҚАЖ департаменті № 57 мекемесінің бастығы ұсталды.

"Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Тергеу мүддесіне сай, өзге мәліметтер жария етілмейді",  деп хабарлайды Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті баспасөз қызметі.